Келесі жылы бюджет шығыны 25,8 трлн теңге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі жылы бюджет шығыны 25,8 трлн теңге болады

27.08.2024

Ал келесі жылы бюджет шығыны 25,8 трлн теңге болады. Оның басым бөлігі, яғни 9,8 трлн теңге әлеуметтік салаға жұмсалады. Бұл былтырғымен салыстырғанда 794 млрд теңгеге көп. Шығынның өсуі зейнетақы төлемдерінің 8,5 пайызға көтерілетіндігімен байланысты. Келесі жылы орташа зейнетақы 95 мың теңге болады. Сонымен бірге, шәкіртақы мөлшері 15-20 пайызға өседі. Бакалавриат студенттері үшін орташа стипендия 52 мың, магистратура үшін 117 мың теңге болмақ.

Ал өңірлерді дамытуға бюджеттен 7,4 трлн теңге бөлінеді. Қаражат халықты ауыз су, жылу және газбен қамтуға бағытталған. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығына 635 млрд, жол саласына 568 млрд, шағын және орта бизнесті қолдауға 204 млрд теңге қарастырылған.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу