Жас қаламгерлер Жетісуда бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас қаламгерлер Жетісуда бас қосты

23.08.2024

«Алқа» жастар әдеби клубының мүшелері Алматы және Жетісу облыстарын аралап, Талдықорғандағы көшпелі отырыста бас қосты. Жас қаламгерлер Бердібек Соқпақбаев пен Ілияс Жансүгіровтың, Мұқағали Мақатаев пен Сайын Мұратбековтің туған жерлеріне барып, балалық шағы өткен жерлермен танысты. Ақын-жазушылар тарихи тұлғалардың өмір жолын кеңірек танып, шығармашылығына арқау болған жерлерді аралап көрді.

Шерхан Талап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі:

Жас ақын жазушылардың қарым-қатынасын нығайтып, осы жастарға бір қолдау мақсатында, олардың сонау батыстан, шығыстан, оңтүстіктен, еліміздің әр өңірінен жастар келіп жатыр. Соның барлығы осы өңірдің ерекшеліктерімен танысса деген ниет. 

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу