Қытайдың Ляонин провинциясында бірнеше күннен бері толассыз жауған жаңбырдан 50 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Нөсер кезінде Хулудао қаласында электр жарығы өшіп, байланыс үзілген. Бұған қоса көлік қатынасы қиындады.
Табиғи апат жайлаған аудан тұрғындарына медициналық және психологиялық көмек көрсету үшін 150-ден астам маман жіберілген. Тұрмысқа аса қажетті заттар да жеткізіліп жатыр. Қытайдың солтүстік және оңтүстік бөліктерінде жаңбырлы маусым әлі аяқталған жоқ. Шілдеден бері тасқынмен күрес жалғасып жатыр.
Арай Төлегенқызы