Бангладеште паром аударылып, 23 адам қаза тапты

29.06.2020

50 шақты жолаушы мінген қайық ел астанасы Дакка маңынан өтетін Буриганга өзенінде суға батып кеткен. Құрбандардың ішінде алты әйел мен үш бала бар. Жолаушылардың кейбірі жағалауға өз күштерімен шыққан. Қалғаны жоғалып кеткен.

Бангладеште қауіпсіздік ережелері сақталмағандықтан, жыл сайын жүздеген адам осындай қайық апаттарынан опат болады. Ал, Қытайдың оңтүстік-батысында төпелеп жауған жаңбыр алапат тасқынға ұласты. Соңғы мәліметке қарағанда, 12 адам мерт болып, он шақты тұрғын ізім-қайым кеткен. Және де 8 мыңға жуығы эвакуацияланды. Мұны «Синьхуа» агенттігі хабарлап отыр. Сонымен қатар, өткен аптаның соңында Хубэй провинциясының 24 қаласы мен елді мекенінде су апатынан 650 мыңнан астам адам зардап шекті.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу