Австралияда су тасқынынан ірі қара мал қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда су тасқынынан ірі қара мал қырылып жатыр

08.02.2019

Суы тартылған  жерлерге сиырлар табынымен жиналып қалған. Билік оларға тікұшақпен жем-шөп жеткізуде. Сондай-ақ, жануарларды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үкіметтің болжамы бойынша, бұл апаттан жүздеген мың бас мал қырылуы мүмкін.

Жақында Австралияның солтүстік-шығысында толлассыз нөсерден су тасып, жүздеген адам эвакуацияланды. Ал, табиғи апаттан келген шығын күн ашылған соң белгілі болмақ.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу