Басты Жаңалықтар Үндістандағы фармацевтика зауытындағы жарылыстан 17 адам қаза тапты

Үндістандағы фармацевтика зауытындағы жарылыстан 17 адам қаза тапты

Үндістанның оңтүстігіндегі фармацевтика зауытында жойқын жарылыс болды. 17 адам қаза тапқан. 41 адам ауруханада жатыр.

Оқиға Андхра-Прадеш штатында болды. Қайғылы оқиға болған зауыт жеке компанияға тиесілі. Ал апаттың неден болғаны әзірге белгісіз. Дегенмен «Рейтер»-дің мәліметінше, жарылысқа электр ақауы себеп болуы мүмкін.


Арай Төлегенқызы

Бөлісу