Африка құрлығынан тыс екі елде маймыл шешек анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Африка құрлығынан тыс екі елде маймыл шешек анықталды

16.08.2024

Африка құрлығынан тыс екі елде маймыл шешек анықталды. Вирус Швеция мен Пәкістанда екі адамнан табылған. Швецияның денсаулық сақтау және әлеуметтік істер министрі Якоб Форсмедтің айтуынша, науқасқа қажетті күтім көрсетілген. Швеция азаматы вирустың жаңа штамын Африкада жүргенде жұқтырған.

Парсы шығанағынан келген пәкістандық 1 азамат та осы вирусты жұқтырған. Әзірге науқас маймыл шешектің қай штамын жұқтырғаны белгісіз. Денсаулық сақтау министрлігі осыған байланысты елде сақтық шаралары күшейтіліп жатқанын мәлімдеді. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болса, вирустың тарауына қатысты саяхатқа шектеулер қою қажет емес деп мәлімдеді. Кеше халықаралық ұйым маймыл шешекке байланысты әлемдік деңгейде төтенше жағдай жариялаған еді.

Арай Төлегенқызы  

Хабарламаларға жазылу