Олимпиадада топ жарған спортшылар мен бапкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиадада топ жарған спортшылар мен бапкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

14.08.2024

Мемлекет басшысының Жарлығымен Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін Ұлттық құраманың бірқатар спортшысы мен бапкері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда,  дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке бірінші дәрежелі «Барыс» ордені, грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Юрий Мельниченкоға үшінші дәрежелі «Барыс» ордені бұйырды. «Парасат» орденіне Олимпиадада күміс медаль алған балуан Демеу Жадыраев пен гимнаст Нариман Құрбанов және боксшы Нұрбек Оралбай мен дзюдодан қола жүлде иеленген Ғұсман Қырғызбаев және бірқатар жаттықтырушы ие болды.

Ал, «Құрмет» орденімен: Халықаралық дзюдо федерациясы президентінің кеңесшісі Алмаз Әлсенов, әйелдер боксынан Олимпиданың қола жүлдегері Назым Қызайбай, 10 метрге пневмотикалық мылтықпен нысана көздеуде үшінші орын иеленген Александра Ле мен Ислам Сәтбаев және осы спортшылардың бапкерлері марапатталды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу