Ал тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі үйлердің құрылысы жылыту маусымына дейін аяқталады. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осылай деді. Жалпы құрылыстың 80 пайызы осы айдың соңына дейін бітпек. Кей нысандарда ғана ішкі жұмыстар қыркүйек айының ортасына дейін жалғасуы мүмкін. Суық түскен уақытта ешкім далада қалмайды.
Дәл қазір Батыс Қазақстан облысында 775 үй салынып жатыр. Ақмолада 331, Ақтөбеде 504, Ал Атырауда 100 үйдің құрылысы жүруде.
Оңғар Алпысбайұлы