Екібастұздағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары күзге дейін толық аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұздағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары күзге дейін толық аяқталады

03.07.2023

Екібастұздағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары күзге дейін толық аяқталады. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Павлодар облысына жұмыс сапармен барып, жылу электр орталықтарын тексерді. Станциядағы 10 қазандықтың 8-інде бүгінде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қаражаттың жартысын мемлекеттік бюджеттен бөлген. Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, тиісті жұмыстар жоспардан ерте аяқталуы мүмкін. Бүгінде Екібастұздағы 269 әлеуметтік нысан мен тұрғын үйлерде анықталған желілік ақаулар жойылған. Орталықтандырылмаған 182 көпқабатты үйдің де мәселесі шешілген. Павлодардағы ескірген қазандық та жаңартылып жатыр. Вице-премьер өңірдегі жылу беру маусымына дайындық Үкіметтің басты назарында екенін атап өтті. Облыс басшылығының ерекше бақылауында болуға тиіс екенін еске салды.


Хабарламаларға жазылу