Басты Жаңалықтар Үндістандағы тасқыннан 31 адам қаза тапты

Үндістандағы тасқыннан 31 адам қаза тапты

Бейне қолжетімді емес

Үндістанның солтүстік штаттарында толассыз нөсерден 31 адам қаза тапты. Мұны «Таймс оф Индия» басылымы хабарлады. Табиғи апат елдің Раджастан, Уттар-Прадеш, Пенджаб тәрізді бірнеше штатын жайлаған. Тасқын кезінде жоғалып кеткен бірнеше тұрғын іздестіріліп жатыр.

Тасқыннан зардап шеккен өңірге премьер-министр барды. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына қаражат бөлінеді. Бұған қоса апатты аймақ тұрғындарына көмектесу үшін арнайы бағдарламалар қолға алынбақ.


Арай Төлегенқызы

Бөлісу