Қайрат Сатыбалды мемлекетке құны 732,8 млрд теңге активтерін қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Сатыбалды мемлекетке құны 732,8 млрд теңге активтерін қайтарды

12.08.2024

732, 8 млрд теңге. Қайрат Сатыбалды мемлекетке құны осынша миллиардтың активтерін қайтарды. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қайрат Сатыбалды мен оның сыбайластарынан тәркіленген дүние мен қаражаттың жалпы сомасы 733 млрд теңгеге жуықтады. Оның ішінде 661 млннан аса АҚШ доллары Австрия, Лихтенштейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және тағы басқа елдерден табылған. Ал «Қазақтелекомнан» қайтарылған актив құны 93 млрд теңгеге жуықтайды. Сондай-ақ тәркіленген эксклюзивті зергерлік бұйымдардың құны 105 млрд теңгеден асады.  


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу