Алтынға бергісіз қола: Назымның ата-анасы арнамызға сұхбат берді
Назымның қоласы алтынға бергісіз. Спортшыны қолдауға жиналған жақындары мен жанкүйерлері осылай деді.
Кеше түнде алматылық жанкүйерлер жиналып жарысты экраннан тамашалады. Олардың арасында спортшының әкесі мен анасы да бар. Боксшымыз Олимпиада ойындарының жартылай финалында қытайлық боксшы, әлем және Азия ойындарының чемпионы Ву Юге есе жіберді. Қос боксшы да аянып қалмады. Осылайша 50 келі салмақта сынға түскен Назым Қызайбай ел қоржынына қола салды.
Абай Өмірбеков, Назым Қызайбайдың әкесі:
Оған да тәуба! Бірінші Олимпиадасы ғой енді. Қазағымды көтеріп жатыр енді. Қола алып тұрған бірінші қыз Назым болуы керек осы.
Кәмшат Өмірбекова, Назым Қызайбайдың анасы:
Өзінің арманы Олимпиадаға бару еді. Енді бара салып жеңіліп қалса, жаман күйде болар еді. Кішкентай кезінен боксқа жақын болды. 4-сыныптан бастап ұлдармен соғысып жүретін. Қаншама еңбек етіп келе жатыр. Басқа қыздар сияқты боксты тастап кеткен жоқ.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49