Париж-2024: Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж-2024: Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды

07.08.2024

Олимпиада қоржыны тағы бір медальмен толықты. Әйелдер боксынан 50 келі салмақта жұдырықтасқан Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды. Бүгін сондай-ақ 80 келі салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбай да финалда жұдырықтасады. Грек-рим күресінен Демеу Жадыраев та алтын медаль үшін сынға түседі.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Кеше әйелдер боксынан 50 келі салмақ дәрежесінде жарыс өтті. Азия ойындарының жеңімпазы Ву Юмен жұдырықтасқан жерлесіміз Назым Қызайбай финалға шыға алмады. Дегенмен мұңаюға себеп жоқ. Өйткені Назым Қызайбай олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Жекпе-жектен кейін спортшымызбен тілдескен едік, сұхбатты тыңдап алсақ.

Назым Қызайбай, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері:

Ойдағыдай болмады енді. Ұтуға барымды салдым. Қытай қызы алдар кетті. Арасында қатты ұрамын деп қатып қалдым. Әттеген-ай бар енді. Алтын медаль алғым келген. Енді не болса да қолаға шүкір етем.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Айта кету керек, бүгін 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығады. Жерлесіміздің қарсыласы украиналық Олександр Хижняк. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен түнгі 01:51 өтеді. Боксшыларымызды қолдауға келген жерлесіміз, Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев жекпе-жек алдында Нұрбекке өзінің кеңесін айтты.

Серік Сәпиев, Лондон Олимпиадасының чемпионы:

Украиналық боксшы ол алға баса береді. Оралбайға артқа бармау керек. Тұру керек. Тұрса, ұрса өз тәсілдерін көрсетсе ұтады. Енді Нұрбек, алға Қазақстан. Еліміз үшін шығасың, жеңіске жете бер!

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Бүгін сондай-ақ грем-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Демеу Жадыраев ақтық сында жапон палуанмен белдеседі. Тхэквандодан да спортшыларымыз жарысқа шығады. Ел қоржыны жүлдемен толығады деп үміттенеміз.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу