74 жастағы жиһанкез Сәрсенбай Қотырашев Қытайға жаяу бармақшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

74 жастағы жиһанкез Сәрсенбай Қотырашев Қытайға жаяу бармақшы

01.08.2024

74 жастағы ұлытаулық жиһанкез Қытайға жаяулатып жол жүруді жоспарлап отыр. Марафоншы Сәрсенбай Қотырашев Өскемен арқылы Алтай асып, Моңғолияға сапарлауды көздейді. Бұл саяхатын ол Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнамақшы. Жолай кездескен жандарға дүбірлі доданы насихаттап, хабардар ету – басты мақсаты. Ұзақ жолға қария ертең шығады.

Сәрсенбай Қотырашев – тәжірибелі марафоншы. Ол былтыр Қазақстанды 6 айда жаяу аралап шыққан.

Сәрсенбай Қотырашев, 74 жастағы марафоншы:

Бірінші Құдай берген қуат, екінші – халықтың қолдауы. Мен қалжырап, шаршаған жоқпын, күннен күнге тыңалып, ширап, 6 айда аяқтадым. 8 мың шақырым жүріп өтіп.


Қаракөз Тұрмағамбет

Хабарламаларға жазылу