Ұлытаулық жиһанкез төрт ай жаяу жүріп, Қызылжарға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытаулық жиһанкез төрт ай жаяу жүріп, Қызылжарға жетті

22.07.2022

Ұлытаулық саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов Петропавлға жетті. Ол наурыз айында бүкіл Қазақстанды жаяу аралау үшін жолға шыққан еді. Қария 112 күнде 4500-ге жуық шақырымды еңсерді. Оның жалғыз серігі - өзі жасап алған арба. Саяхатқа шыққалы дөңгелегі 14 рет жарылып, өзі 6 жұп аяқ киім ауыстырған. Қарияның ендігі алған бағыты – Қостанай. Ол өз сапарын күзде, Ақтау қаласында аяқтамақ.

Сәрсенбай Қотырашов, саяхатшы:

Қазақ даласы кең, халқы дархан. Әлемде мұндай біздің қазақ халқындай дархан халық жоқ дейді. Менің көзім жетті. Шешен, ингуш, неміс, кәріс ақсақалдарының айтқанына көзім жетті осы сапарымда. 4500 шақырымды артқа тастап, алда 3500 шақырым жол бар. Мен ыстыққа үйренген адаммын жаттығып еңбекпен. Ол ыстықтың маған кедергісі жоқ. Жаңбырдың да кедергісі жоқ. Жаңбыр жауса тіптен қуанамын.


Хабарламаларға жазылу