Тайваньға «Гаеми» тайфуны соққы берді. Соңғы мәліметке қарағанда, елдің шығыс жағалауында үш адам қаза тапқан. Жүздегені жараланып, 8 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Дауыл аралдың Хуалиэнь қаласында 240 шақырым жылдамдықпен соққан. Оның екпінінен ағаштар құлап, көшелерді топан су басты.
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, тайфунға байланысты 200-ден астам халықаралық рейс доғарылды. Бұған дейін «Гаеми» әкелген сұрапыл су апатынан Филиппин аралдарында 13 адам жан тәсілім еткен еді.