Вьетнамда «Доксури» тайфуны соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вьетнамда «Доксури» тайфуны соққы берді

15.09.2017

Вьетнамда желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға жетті. Осылайша, елдің орталығына «Доксури» тайфуны соққы берген. 80 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Күшті жел 260-тай үйді ұшырып, электр желілерін үзіп, ағаштарды құлатқан. Ал, көшелерді су басты. Сонымен қатар, бірнеше провинция электр жарығынсыз қалып, 46 әуе рейсі кейінге шегерілген. 

«Доксури» - соңғы жылдарда Вьетнамда көтерілген ең жойқын тайфундардың бірі.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу