Жапонияда «Ханун» тайфуны соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда «Ханун» тайфуны соққы берді

03.08.2023

Жапонияның Окинава аралына «Ханун» тайфуны соққы берді. Жауындатып жеткен дауылдың екпінінен ағаштар құлап, электр сымдары үзілген. Табиғи апаттан екі адам қаза тауып, 41 тұрғын жарақат алған. Сонымен қатар 166 мың ғимарат жарықсыз қалған.

Окинаваның Наха әуежайы бірер сағат бұрын жұмысын қайта бастады. Алайда жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жүздеген ұшақтың сапарға аттануына әлі де рұқсат берілмей отыр.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу