Батыс Қазақстан облысында жұмыс беруші қызметкеріне 2020 жылдан бері жалақы төлемеген. Бұл туралы өңірлік жеке сот орындаушылар палатасы хабарлады. Сот шешіміне қарамастан, жұмыс беруші тиісті қаражатты қайтармаған. Оның қарызы 50 млн тг-ден асады. Борышкер өз міндеттерін орындамағандықтан, шоттары қамауға алынып, мүлкін өндіріп алу басталды.