Әлеуметтік кодекске өзгеріс енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік кодекске өзгеріс енді

16.03.2023

Қызметкерді мейрам күндері оның келісімінсіз жұмысқа тартуға рұқсат беретін норма, Әлеуметтік Кодекстен алынып тасталды. Енді, жұмыс беруші – қызметкеріне алдын ала хабарлама жіберуі керек. Жұмысшылар заңнамаға енгізілген өзгерісті алға тартып, кестеден тыс жұмыстан бас тарта алады. Осы құқығын пайдаланған адамдарды ешкім жұмыстан шығара алмайды. Ал жұмыс уақытынан тыс еңбектенген әр сағат үшін, жұмыс беруші қызметкеріне үстеме ақы төлеуге міндетті. Төтенше жағдай мен жедел жәрдем мәселесінде, қызметкердің келісімінсіз жұмысқа шақыруға болады.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Еңбек шартыңызда көрсетілген. Сіз 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейсіз деп. Еңбек шартында қосымша жұмыс уақыттары туралы айтылған болса, қалып істейсіз. Ал еңбек шартында нақты уақыт берілген болса, сол уақытта ғана жұмыс істей аласыз.


Хабарламаларға жазылу