Қазақстанда төмен жалақы алатындардың жағдайы нашарлаған - депутат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда төмен жалақы алатындардың жағдайы нашарлаған - депутат

20.01.2021
Қазақстанда төмен жалақы алатындардың жағдайы нашарлаған - депутат

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айбек Паяев Қазақстандағы ең төменгі жалақы мәселесін көтеріп, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады.

«2021 жылдың басындағы жағдай бойынша Picodi халықаралық сервисінің сарапшылары Қазақстандағы жалақы көлемі 56 елдің ішіндегі ең төменгі жалақының бірі саналатынын айтты. 2020 жылмен салыстырғанда Қазақстан сақтандыру жарналарының өсуіне байланысты ең төменгі жалақы мөлшері азайған жалғыз ел болып отыр», - деді депутат. 

Оның мәлімдеуінше, Қазақстанда номиналды түрде ең төменгі еңбекақы өзгерген жоқ - 42 500 теңгеге тең, бірақ сақтандыру жарналарының өсуіне байланысты нақты жалақы өткен жылдан бастап азайып, 37 400 теңгені құрайды (2020 жылмен салыстырғанда -1,1%). Осы орайда депутат 2021 жылдың басында қазақстандық үшін азық-түлік себетінің құны 25 280 теңгені құрайтынын, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 13,87%-ға артқанын айта кетті.

«Бұл ешқандай сынды көтермейді, үлкен кемшілік. Бұдан келіп шығатыны, Қазақстанда ең төменгі жалақы алатын азаматтардың жағдайы нашарлаған. Ал қазақстандықтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін ең төменгі жалақы орташа жалақымен ғана емес, отбасының жұмыс істемейтін мүшелерінің болу мүмкіндігін ескере отырып, міндетті түрде өмірдің нақты құнымен де байланысты болуға тиіс», - деді Паяев.
жалақы мәселесі Мәжіліс

Хабарламаларға жазылу