Биыл елімізде 40 жаңа жоба іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елімізде 40 жаңа жоба іске қосылды

24.07.2024

Биыл елімізде 40 жаңа өнеркәсіп іске қосылды. Көбі машина жасау және тау-кен саласындағы жобалар. Оған 570 млрд теңге бөлінді. 6,9 мың тұрақты жұмыс орны ашылды Үкімет жыл соңына дейін 1,4 трлн теңгеге тағы 180 өнеркәсіпті іске қосуды жоспарлап отыр. Шамамен 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Ал өндіріс көлемі 1,8 трлн теңгеге жетеді деген болжам бар. Оның 1,4 трлн-ы ішкі нарықты қамтуға, қалғаны экспортқа жіберіледі. Жалпы биыл елімізде машина жасау саласында өндіріс көлемі артып, 814 млрд теңгеге жетті. Жыл басынан бері 62 мыңнан астам автокөлік шығарылды. Оның мыңнан астамы қоғамдық көлік. Ал жеңіл өнеркәсіп көлемі 95 млрд теңгені көрсетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,5% артық. Әсіресе, киім өндірісіне көп инвестиция тартылған. Қаржыландыру көлемі 6,7 есе өсіп, 1,3 млрд теңгеге дейін жетті. Тері және тері өнімдері өндірісіндегі инвестициялар 3 есе артып, 94 млн теңгені көрсетті.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу