300-ден астам компания заңсыз құрылыс жүргізіп жатыр
Елімізде рұқсатсыз құрылыс жүргізіп жатқан 300-ден астам компания бар. Алданып қалған үлескер саны 4 мыңнан асады. Мәселе қалай шешіліп жатыр? Құрылыс компанияларына алданып қалмау үшін салымшылар нені ескеру қажет? Айя Мүтәлі анықтап көрді.
Айя Мүтәлі, тілші:
Құрылыс компанияларына сеніп, әлі күнге дейін баспанасына кіре алмай жүрген үлескерлер бар. Соңғы мәлімет бойынша елімізде 45 көпқабатты үйдің құрылысы тоқтап тұр. Оның көбі Астана қаласында. Мұнда жапа шеккен үлескер саны 4 мыңнан асады.
Алдияр Қалданбек, Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу бөлімінің бас сарапшысы:
2024 жылға 9 объектінің құрылысы өтпелі болды. Бүгінгі таңда жыл соңына дейін тапсырма бар. Құрылыс аяқтап, үлескерлерге пәтер кілтін табыстауды біз жоспарлап отырмыз.
Айя Мүтәлі, тілші:
Өкініштісі сол тұрғындардан қаржы жинап, заңсыз құрылыс жүргізіп жатқан компаниялар әлі де бар. Бүгінде еліміз бойынша лицензиясыз 336 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Мәселен Маңғыстау облысында салынып жатқан 125 көпқабатты баспананың рұқсаты жоқ. Алматы қаласында дәл осындай 83, Атырау облысында 37, Астана қаласы мен Ақмола облысында 50-ге жуық нысан бар.
Ал бұл компаниялардың тізімін homeportal.kz сайты арқылы біліп алуға болады. Егер үлескерлер бұл үйлерге қаржы салып қойған болса, жергілікті әкімдікке жүгінгені дұрыс. Сонымен мұндай құрылыс компанияларына алданып қалмас үшін не істеу қажет? Қарапайым ережелерді түсіндірейін. Ең алдымен жарнама қағазы ресми құжатқа жатпайды. Соны ескеріңіз. Сонымен бірге, компанияның лицензиясы әрі құрылысқа рұқсаты бар ма, жоқ па әбден тексеріп алған жөн. Оны Егов немесе elicense.kz порталынан анықтауға болады. Компания қолданыстағы заңнамаға сәйкес үлескерге шарт жасауды ұсынуы керек. Оған қол қоймас бұрын құжатпен мұқият танысып алған дұрыс. Әрі құрылыс компаниясы туралы ақпаратты әбден зерттеп алған жөн. Ол үшін әлеуметтік желілердегі пікірлермен де танысыңыз. Жалпы министрлік миллиондаған қаражатты бәз біреулерге сеніп тапсырмас бұрын аса мұқият болуға шақырады. Сондықтан жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17