«Senat Open Cup» 2024 шахмат турнирінің жартылай финалы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Senat Open Cup» 2024 шахмат турнирінің жартылай финалы өтті

19.07.2024

Қарағандыда «SENAT OPEN CUP» 2024 шахмат турнирінің жартылай финалы өтті. Оған мәслихат депутаттары, облыстық және қалалық қоғамдық кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. «Орталық» аймақтың яғни, Астана, Қарағанды, Ұлытау өңірлерінің 75 ойыншысы бақ сынасты. Үздік шыққан 25-і тамыз айының соңында Астанада өтетін финалда бәсекеге түседі.

Ғалым Жандәулетов, қатысушы:

Мен мұндай күрделі, үлкен сайысқа бірінші рет келіп тұрмын. Шахматпен бала кезден айналысамын ,әкем үйреткен. Бәріміз жеңіс үшін келдік. Мен де Астана қаласында өтетін финалға қатысуға, кубокты жеңуге тырысатын боламын.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу