2028 жылы елімізде үш жылу станциясы салынады
2028 жылы елімізде үш жылу орталығы пайдалануға беріледі. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты. Жаңа станциялар Семей, Өскемен және Көкшетау қалаларында ашылмақ. Құрылысты ресейлік компаниялар жүргізеді.
Семейдегі жылу станциясының техникалық-экономикалық негіздемесі биыл аяқталуы тиіс. Тек содан кейін құрылысқа кіріспек. Ал Өскеменде нысан құжатын әзірлеу жұмысы келер жылы басталмақ. Дегенмен министрдің сөзінше барлық үш жобаны 2028 жылдан кешікпей тапсыру міндеті тұр. Ең бірінші болып құрылыс жұмыстары жылу орталығы жоқ Көкшетау қаласында басталады.
Алмасадам Сәтқалиев, Энергетика министрі:
Көкшетау жылу электр орталығының техникалық-экономикалық негіздемесі қорытынды сараптамадан өтіп жатыр. Биыл жақын арада құрылған бірлескен кәсіпорындар жобалық құжаттаманы әзірлеуге кіріседі. Сонымен қатар абаттандыру және құрылыс алаңын дайындау жұмыстары басталады. Құрылыс жұмыстары биыл басталады деп отырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05