Батыс Қазақстанда үш қыз бала суға батып кетті
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Мерген ауылында 13 жастағы үш қыз бала суға батып кетті. Оқиға Жайық өзені жағасында болған.
Құтқарушылардың айтуынша, қыздар шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен. Үшеуі де бір сыныпта оқыған. Жыл басынан бері өңірде 6 адам суға кетіп, көз жұмған. Олардың 4-еуі - бала.
Райымбек Шамаров, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының офицері:
Біздің құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмысын жүргізіп, Жайық өзенінен белгіленбеген жерде шомылу кезінде суға батып кеткен кәмелетке толмаған үш қыз баланың денесін тапты. Су айдынындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыздар. Рұқсат етілмеген жерде шомылмаңыздар. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05