Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қозғалды

15.07.2024

Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтың ағасы Марат Әйтенов, бұрынғы әйеліне күш көрсеткені үшін қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Астана соты хабарлады. Оның ісін әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қараған.

Таратылған хабарламада «Құқық бұзушы үйдегі отбасылық жанжал кезінде бұрынғы жұбайының абыройы мен қадір-қасиетін қорлап, оған дөрекі сөйлеген. Құрмет көрсетпей, басқа адамдардың тыныштығын бұзған» делінген. Әрі жәбірленуші Әйтеновтың қол көтергенін айтыпты. Десе де, экс-әкімнің ағасы кінәсін мойындамаған. Бұған дейін желіге Марат Әйтеновтың бұрынғы әйелін үйден күшпен шығарып жатқан видео тараған еді.

«Жоғарыда келтірілген мән-жайларды, сондай-ақ жұртшылыққа теріс әсер ететін және жеке адамның құқықтарына қол сұғатын іс-әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып, құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған жаза тағайындалып, 5 тәулікке қамауға алынды». 


Хабарламаларға жазылу