ҚР ІІМ: Журналистерге шабуыл жасау фактілері бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР ІІМ: Журналистерге шабуыл жасау фактілері бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды

12.03.2023

Журналистерге шабуыл жасау фактілері бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлім етті.

«Журналистерге жасалған шабуыл фактілері бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар 22 адам ұсталды. Қазір оның жетеуі қамауда, қалғандарына жасын ескере отырып, қоғамнан оқшаулануға қатысты емес бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Аталған іске қатысты ақпарат беріледі. Сонымен қатар шабуыл жасау фактілері бойынша процедуралық тұлғалар да бар», - деді Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып», – деді Ішкі істер министрі. 

Тергеу процессіне жәбірленуші тарап толық қатыса алады. Тіпті белгілі бір тергеу әрекеттерін жүргізу туралы өтініш жасай алады. Бұған дейін бірнеше редакторға шабуыл жасалып, өмірлеріне қауіп төнген. 28 ақпанда журналистерге арандатушылық шабуылдардың үйлестірушісі ұсталғаны белгілі болды. Қылмыстық топ шабуылдарының басты мақсаты - журналистерді қудалауды имитациялау арқылы ҚР Президентін және ол жүргізіп отырған демократиялық реформаларды дискредитациялау. Шабуылдың ұйымдастырушысы және бастамашысы Аркадий Клебанов та ұсталды.


Хабарламаларға жазылу