Жемқорлыққа қатысты 27 қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлыққа қатысты 27 қылмыстық іс қозғалды

05.12.2017

Миллиардтаған теңге шығын, 27 қылмыстық іс. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2015 жылдан бері қазына қаржысын қымқыру мен тиімсіз пайдалану бойынша әкімшілік істерді айтпағанда 27 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы бүгін Ақордадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Мемлекеттік хатшының төрағалығымен өткен жиында «Нұрлы жол» бағдарламасына 2 триллион теңге жұмсалғаны айтылды. Дегенмен, мемлекеттік аудит кезінде 34 миллиард теңгеге заң бұзушылықтар тіркелген. Агроөнеркәсіп саласында 15 миллиард теңгенің 3500 заң бұзу фактісі тіркелген. Комиссия отырысында құзырлы органдарға анықталған фактілер бойынша талдау жасап, тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу