Петропавлда «Qyzyljar music fest» халықаралық фестивалі ұйымдастырылды.
Мәдени шара қала күні мерекесіне орайластырылды. Италия, Аргентиа мен Ресейден өнерпаздар шақырылды. Жылдағы дәстүр бойынша фестиваль 4-5 күн бойы жалғасатын. Биыл тасқынға байланысты қаржыны үнемдеу мақсатында шараны 1 күнде өткізу ұйғарылды. Концерттің алғашқы бөлігінде хореографиялық ұжымдар түрлі ұлттардың би өнерін көрсетсе, классикалық музыка кеші шараны түйіндеді.
Максим Танков, фестиваль режиссері:
Біз фестивальға 1,5 ай дайындалдық. Бағдарламаға баса мән берілді. 40 ұлттың биі енгізілді. Концерт бірінші кезекте көрерменнің көңілінен шығуы тиіс. Халықаралық фестиваль болашақта қала тұрғындарының асыға күтетін шарасына айналады деп ойлаймын.
Эльмира Кәленова