Қызылжарда халықаралық «көрпе» фестивалі ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылжарда халықаралық «көрпе» фестивалі ұйымдастырылды

03.05.2022

Қызылжарда халықаралық «көрпе» фестивалі ұйымдастырылды. Шараға қатысуға Қазақстан мен Ресейден 100-ден астам қыз-келіншек ниет білдірген. Олар 3 күн бойы қазақи нақышта түрлі бұйымдар тігу тәсілдерін меңгереді. Фестивальдің негізгі мақсаты ұлттық бренді кәсіпке айналдыру. Шеберлігімен көзге түскен ісмерлерге тігін машиналары сыйға тартылады. Осылайша олардың өз ісін бастап кетуіне жағдай жасалып отыр.

Ырза Тұрсынзада, этнодизайнер:

Бұл керемет мамандық, бұл кәдімгі нарықта сұранысы жоғары мамандық. Күні-түні үйрету керек. Тұрақты үйрету орталығын ашу керек, тұрақты сатылым алаңын ашу керек.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу