Қазақ балалары Германия футбол академияларында оқып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ балалары Германия футбол академияларында оқып жүр

13.07.2024

Осы чемпионат өтіп жатқан неміс жерінде қазақтың балалалары футбол үйреніп жүр. Талантты жастарға жергілікті бапкерлер үлкен сенім артып отыр. 

Дінмұхаммед Тілегенов әлеуметтік желі жұлдызы. Оның футбол ойнаған видеолары миллиондаған қаралым жинап жатыр.

Абай облысынан шыққан жас талант қазір Кельн қаласындағы «Фортуна» академиясында тәлім алады. Алаңда жартылай қорғаушы. Германияда дәл осы орынға бәсеке жоғары болғанымен, бапкерлер ресми ойындарда Димашқа сенім артады.

Бұл академияға түсу үшін Қазақстанда арнайы іріктеу өтті. 150 баланың ішінен талабы бар 15 бала ғана таңдалған. Алғашқы лектің келгеніне 7 айдан асты. Қазірдің өзінде нәтиже көзге көрініп тұр дейді олар.

Германияның футбол академиялары әлемде көшбасшылардың қатарында. Доп әліппесімен қатар білім алуға да жағдай жасайды. Ал үздік атанған оқушылар Бундеслиганың клубтарына жолдама алып, еуропаның белді командаларында ойнауға мүмкіндік көп.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу