Қазақстан - бар ғұмырым! Астанада осындай атаумен жастардың алғашқы конвенті өтті. Оған еліміздің 20 аймағынан жүздеген қыз-жігіт жиналған. Конвент - бұл форум іспетті. Мұнда, күні бойы қызықты шаралар, семинарлардан бастап концертке дейін болды. Әрі қыз-жігіттер бір-бірімен танысып, пікір алмасты. Өз саласының мықты мамандары да, тренинг өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Шара- ел жастарының бірлігі мен білімін арттыруға бағытталған.
Бота Ануарбек, «Жаңа адамдар» қозғалысының белсендісі, қатысушы:
Креатив, жаңа идея, жаңа қадам, жаңа мүмкіндіктер. Бір-бірімен танысып қана қоймай, алға қарай ел үшін не істей аламыз деген ой. Ел үшін әрбір адам жауапты. Осы жауапкершілікті сезіну арқылы біз ел болашағын жарқын қыла аламыз.