Өскеменде жастар кеңесінің алғашқы отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде жастар кеңесінің алғашқы отырысы өтті

18.08.2014
Өскеменде жастар кеңесінің алғашқы отырысы өтті

«Жастардың мәдениетаралық сұхбаты – Азиядағы сенім негізі». Бүгін Өскеменде осындай атаумен Азиядағы ықпалдастық пен өзара сенім шаралары жастар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Шараға еліміздегі жастардың көшбасшылары, сонымен қатар, Қытай, Қырғыз Республикасы, Әзірбайжан, Иран, Палестина, Түркия және Ресей өкілдері де қатысты.

Жиынның басты мақсаты – әр елдегі жас көшбасшылар мен жастар ұйымдары арасында тәжірибелік байланыс орнату. Жастар кеңесінің отырысы Азия аймағындағы қауіпсіздік негізі ретіндегі мәдениетаралық сұхбат идеясын  алға тарта отырып, жастар ұйымдары арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуды мақсат етеді.

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу