Жас сайлаушылар клубының отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас сайлаушылар клубының отырысы өтті

23.09.2022

Жастардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру маңызды. Астанада Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған «Жас сайлаушылар клубының» бірінші отырысы өтті. Оған ел аймақтарынан іріктелген белсенді жастар қатысты. Басқосуға Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров қатысып, сайлаудың өте маңызды қоғамдық-саяси науқан екенін атап өтті. Бұл ретте болашақта жастардың ой-пікірлері мен ұсыныстары ескерілуі қажет. Отырысқа қатысушылар облыстарға барғанда алған білім, іс-тәжірибелерімен бөліседі.

Хабарламаларға жазылу