Жамбыл облысында ірі жол апатынан 5 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында ірі жол апатынан 5 адам қаза тапты

13.07.2024

Жамбыл облысында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болып, 5 адам қаза тапты. Тағы бесеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында тіркелген апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалып, жедел тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында.

Жамбыл облысының Полиция департаменті, азаматтарға ауа райын бақылай отырып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және қырағы болу қажеттігін ескертеді!

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу