Иранда Қазақстан терминалы ашылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Иранда Қазақстан терминалы ашылуы мүмкін

Иранда Қазақстан терминалы ашылуы мүмкін

Иранның теңіз портында Қазақстанның терминалы пайда болуы мүмкім. Иран тарапы елімізге осындай ұсыныс жасады. Көлік министрлігінің хабарлауынша Бендер-Аббас портында терминал ашудың экономикалық тиімділігі қазір зерделеніп жатыр. Бұл ұсыныс «Солтүстік-оңтүстік» көлік дәлізіндегі Қазақстанның рөлін арттыра түседі дейді. Әрі еліміздің экспорттаушылары үшін Иран, Үндістан мен Парсы шығанағындағы елдердің нарығына шығуды жеңілдетпек.

Досжан Маратұлы

Бөлісу