Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатының алғашқы финалисі белгілі болды. Кеше Франция мен Испания құрамалары жартылай финалда кездесіп, өзара мықтыны анықтады.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Испания мен Франция кездесуі бұл биылғы жылғы чемпиондыққа үміткер басты командалардың ойыны. Сондықтан да матчқа қызығушылық өте жоғары. Мюнхендегі 25 мың адам сиятын жанкүйерлер алаңында ине шаншыр орын жоқ.
70 мыңдық Альянц Аренада өткен кездесуде қарсыластар бірден шабуылға ден қойды. 9-шы минутта Коло Муани есеп ашып, Францияны алға шығарды.
Ал 21-ші минутта Испанияның 16 жастағы ойыншысы Ламин Ямаль айып алаңының сыртынан теуіп, доп тоғыздыққа кірді. Әдемі гол. Таразы басы теңесті.
Осылайша алғашқы таймда-ақ жолдама тағдыры шешілді. Ойын соңына дейін есеп өзгерген жоқ.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Иә, бүгін испандықтардың бөркін аспанға лақтырған күн. Қызыл фурия - финалда. Енді осы жексенбіде Испания құрамасы 12 жыл бұрынғы нәтижені қайталап, чемпион атануы әбден мүмкін.
Шерхан Жамбылұлы