Еуро-2016. Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Сербия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Сербия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді

13.02.2016
Еуро-2016. Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Сербия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Сербия астанасы Белградта футзалдан Еуропа чемпионаты аяқталады. Турнирдің соңғы күні Қазақстан Ұлттық құрамасы да бақ сынайды.

Еліміздің спортшылары Еуропа чемпионатының қола жүлдесі үшін Сербия командасымен ойнайды. Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 23:20-да тікелей эфирде көрсетеді.

Сонымен қатар, бүгін Еуропа біріншілігінің финалында Испания мен Ресей құрамасы ойнайды. Бұл ойынның тікелей көрсетілімін «Қазақстан» Ұлттық арнасының көрермендері Астана уақытымен сағат 01:50-ден бастап тамашалай алады.

Хабарламаларға жазылу