Еуропа Чемпионаты: Жартылай финалда Испания мен Франция кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Чемпионаты: Жартылай финалда Испания мен Франция кездеседі

09.07.2024

Германиядағы доп додасы мәреге жақындады. Бүгін жартылай финалда Испания мен Франция құрамалары кездеседі. Ойын Мюнхен қаласындағы Альянц Арена стадионында өтеді. Матч қарсаңындағы қаладағы көңіл-күйді әріптесім Шерхан Жамбылұлы жеткізеді.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Мюнхенде бүгін биылғы еуроның соңғы ойыны. Бавария астанасы басты фавориттерді қабылдауға дайын. Фан зона әйгілі Мюнхен Олимпиялық стадионының маңында орналасқан. Айналасы жасыл желегі жайқалған үлкен бақ. Бұл рекордтар мен финалдар алаңы. 1972 жылғы Олимпиада ойындары, 1974 жылғы футболдан әлем чемпионатының және 1988 жылғы Еуропа біріншілігінің финалы өткен. Қазір негізінен жеңіл атлетика жарыстары өтеді.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:

Бұл жерде үш алып экран бар. Ең үлкені 121 шаршы метр. Жасыл алаңдағы ойынның әрбір сәтін мұқият қарауға тамаша мүмкіндік. Мұндағы атмосфера стадионна еш кем болмайтынына сенімдімін.
Жанкүйерлер аймағында барынша жағдай жасалған. Шөлдесең арнайы аппараттардан су құйып, күнге күймес үшін крем жағып алуға болады. Оқушы Ямаль бастаған қызыл фурия тағы бір мықтыны жеңе ала ма? Әлде, Мбаппенің жігіттері Францияны кезекті финалға шығара ма? Бұны түнгі сағат 12-де Ұлттық арна мен «Qazsport»-тан тамашалаңыз.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу