Жолдарды жөндеу кезінде сапаға ерекше назар аударылады
Су тасқыны кезінде бұзылған жолдардың инфроқұрылымын қайта қарау керек. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Көлік министріне осындай тапсырма берді. Топан су қай жолдарға өткізу құбырларын орнату қажет екенін көрсетіп берді. Мұндай құбырларды ерте орнатқанда жолдардың көпшілігін сақтап қалуға болатын еді. Қалпына келтіру жұмыстары кезінде осындай деректердің барлығы ескерілуі қажет. Жалпы биыл 12 мың шақырым жол салып, жөндеу жоспарланып отыр. Бұл бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Оның 4 мыңы жергілікті деңгейдегі желіге тиесілі. Сондықтан, жол құрылысы кезінде сапаға ерекше назар аудару керек, деді Премьер-Министр.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
Жолдардың жағдайына қатысты айтылып жатқан арыз-шағымдар азаймай отыр. Олардың негізгі бөлігі жергілікті жолдарға қатысты. Мұндай мысалдар көп. Әкімдіктер қайда қарап отыр? Неліктен күнделікті сапалы бақылау жүргізілмей жатыр? Бірінші кезекте адамдардың, тұрғындардың шағымына дер кезінде назар аудару керек.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Qazaqstan және Qazsport: Бүгін 6 боксшымыз шығады
12.09.2025, 14:33

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына серпін қажет
12.09.2025, 14:24
ШҚО-да дәрігерлер ЖИ қолдана бастады
12.09.2025, 14:21
Сот жүйесіне жасанды интеллект енгізілді
12.09.2025, 14:18
Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 14:15
Ауғанстандағы зілзаладан соң мыңдаған адам далада қалды
12.09.2025, 14:12
Бразилияның экс-президенті 27 жылға сотталды
12.09.2025, 14:09
Ресейде ХІ Халықаралық біріккен мәдениеттер форумы өтті
12.09.2025, 14:06