Бүгін - Домбыра күн! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Домбыра күн!

07.07.2024

Қазақтың Әбіш Кекілбаевының баласы Әулет қайтыс болғаннан кейін әйгілі жырау Алмас Алматов көңілқос жазып, оны жыршы Амандық Көмековке айтқызғанын білеміз. Сол туралы кезінде Ұларбек Нұрғалымұлы Амандық жыршымен әңгімесін келтіре отырып «Егемен Қазақстан» газетіне жазды. Үзінді келтірмесем болмайды: «...Алдында ...«көңіл айтып келген адамдармен амандасқан соң ұзақ отырмай өз бөлмесіне кіріп кетеді» деп естігенбіз.

Бұл жырды Алмас аға Маңғыстаудың мақам-сазына келтіріп, мен орын-дайтындай қылып жазған екен, тапсырма бойынша мен айттым.

«...Халыққа «Абыз» оғлансыз,

Адасқан жанға жол айтқан,

Тілеуін тілеп саламат», деп басталатын Маңғыстаудың зарлы әуеніне иленген сойқан жыр созыла шығып, екпін ала көтеріліп барып:

«Қалыңға түскен құсыңды,

Қанатынан қайырып,

Жатсыз ба аға азалап?!» деп қайырып келесі сөзге өтпекке кезекті домбыраға берген тұста Әбіш ағаның көзінен жас бұр¬шақтай жөнелді.

«...«Ерге берген қайғыны,

Ел көтерер» – деген, бар,

Ойлаңыз аға саралап» дегенде абыз ағаның жасы мейірімді жүзін жуып алып денесі солқылдай жылады.

«...Тәубаңыз болсын таяныш,

Ұл-қызың өскен саяңыз,

Келмесін қайтып жаманат.

Дұғадан ізде бағланды,

Еншісі ердің сол болар,

Алладан бұйрық – аманат!» деп тоқтағанда Әбіш аға тең¬селіп кетті. Көз жасын сүрте орнынан тұрып Алмас ағаны құшақтады: «Осылай еді ғой, Ал¬масжан-ау! Осылай еді ғой! Шал¬дармен бірге кетіп еді ғой бұл дүние, жоғалмай, жоғалтпай бұл дүниені қалай сақтағансың, айнала¬йын! Осылай айтатын еді ғой мәпелеп» деп Алмас ағаны алып құшағына қайта-қайта бас¬ты. Мына жақта Клара апамыз жыласын. «Әулет өлгелі көзінен тамшы жас шықпап еді, күйігі ішіне түсіп кетті ме екен деп қорқып едім, шықты ғой, айналайын, шықты ғой» деп ебіл-дебілі шығып жылап жүр».

«Нарды нар ғана тұрғызады екен ғой» дейді. Жан тебірентетін оқиға. Осы біздің дәстүр. Осы біздің нар ағалар. Осы біздің рух. Жеткізетін - домбыра! Кезінде әкеміз шалқасынан түсіп шаңыраққа қарап домбыра шертіп жататын. Баяу ғана мұңды бір термелерді айтады. «Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана: Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана». Бүгін Домбыра күні.

Қ.Тоқаев бұрын туиттер, қазір Х деп аталатын әлеуметтік желідегі парақшасында Домбыра күнімен құттықтап, «Домбыра төрден түспесін!» деп жазды. Домбыра күні сюжетті әрине, домбыра тартатын Амангелді Сейітхан дайындайды.

Естайдың «Жайқоңырын» әуелетіп отырған Ұждан Ахмадиге бұл домбыра 2 жыл бұрын тиген. Содан бері жан серігіне айналыпты.

Ұждан Ахмади – Астана қаласының тұрғыны:

Менің үлкен ұлым бар. Сол бір жерден көріп сатам деп отырған жерінен алыпты айтқан бағасын беріп. Содан маған әкеліп берді. Өзім домбырашы, күйші, әнші емеспін. Бірақ, енді кішкентай әдетім бар. Сол арасында тыңқылдатып шертетін әдетім бар.

Ағаштан шауып жасалған аспап ерекше сөйлейді. Мұндай домбыра мұражайларда да сирек. Сатып алғанда қашан жасалғанын сұрамаған. Бірақ, кемі 50жыл тарихы бар деп ойлайды.

Ұждан Ахмади – Астана қаласының тұрғыны:

60 жылдардың соңы, 70 жылдардың басында біздің ауылда шеберлер осы ағаштан ойып домбыра жасайтын. Ол кезде пернесі 9 болатын. Енді мына домбыра сол домбыралардың формасына, үлгісіне келмейді. Басқаша екен..

Дыбысында даланың сарыны бар сырға толы аспапты ол немерелеріне бермек. Оған дейін аңсарым ауғанда өзім қолыма аламын,-дейді.

Ұждан Ахмади – Астана қаласының тұрғыны:

Ол бір енді көңілдің ерекше кездерінде болады ғой. Осы домбырадан көне тарихтың бір сарынын ұққандай болам. Тарихта небір қилы заман қазақтың басынан өтті ғой. Соның өткен қайғысын да, мұңын да, қуаныш, шаттығын да осы домбыра арқылы бейнелеп береді-ау, осының шанағында жатыр-ау деп ойлаймын...

Кез келген қазақ осылай,-дейді.

Аманкелді Сейтхан – Тілші:

Ал Қасым Аманжоловша айтсақ:
Домбыра мұнша шешен болдың неге,
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе.
Бұл ақынныңәсірелеуі менемесе домбыраны осыншама әспеттеуге не себеп?

Жанұзақ Әлімгерей – Әлеуметтанушы, Алаш стратегиялық зерттеу орталығының басшысы:

Тарих тек ақпарат қана емес. Тарих бұл сезім. Ал домбыра бұл сезімді беруші. Былай айтқан кезде бұл архивіміз.

Сәрсенғали Жүзбаев – күйші, өнертанушы:

Біз енді тарихты қағазбен, қаламмен жазған жоқпыз. Бірақ, біз күймен жаздық. Біз оған ғылым тұрғысынан қарауымыз керек. Ғылымның елегінен, сүзгісінен өткізуіміз керек.

Аманкелді Сейтхан – Тілші:

Жалпы, домбыраның шығу тарихына қатысты аңыз көп. Алтайдан табылған ежелгі домбыралар аспаптың кем дегенде 6 мың жылдық тарихы барын көрсетті. Ал, домбырадағы ән-күй мен жыр-термеде өз тарихымыз тұнып тұр.

Қадыр Мырза Әліше айтсақ: «Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана: Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана».

Дәулеткерей Кәпұлы – Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Домбыра ол біздің жиын тойларда көңіл көтеретін аспабымыз ғана емес ол қанша ғасыр қазақтың жан серігі болған. Патшалық Ресейдің кесірінен 20 ғасырдағы батыс өлкелердегі Иранға көшкен, Түркіменстанға көшкен қазақтардың да осы домбырамен бірге зарлауы, Сүгір Бегендікұлы жырау, Сүгір Бегендікұлының өзінің кесікбас деген домбырасы мысалы қазақтың қайғы-шерін бірге арқалап келген.

Сәрсенғали Жүзбаев – күйші, өнертанушы:

Мысалыға «Ел айырылған» деген күй бар. Мынау Ноғай мен Қазақтың айырылысқан тұсында шыққан күй.

Сәрсенғали Жүзбаев – күйші, өнертанушы:

Абылайханның тұсындағы Байжігіттің күйлері. Мысалы, Байжігітте «Қайың сауған» деген күй бар. Бұл әлгі алқакөл сұламада ел босып кеткен кезде қайыңның суын ішкен деп күй толғаған.

Дәулеткерей Кәпұлы – Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

37-ші жылдары мынау арқада қаншама шертпе күйдің шебері ұсталды. Атылды, айдалды, қудаланды. Неге дейсіз ғой домбыра арқылы қазақтың бүкіл жан-дүниесі жаңғырып тұратын.

Мысалы, Ахметжанның Қосбасары. Бұл күй сол тұстағы58-бапқа қарсылық.Бір қызығы, «Қосбасар»деген күй көп. Көбінің авторы қудаланған.

Дәулеткерей Кәпұлы – Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Қыздарбек, Сембекті айтыңыз мына арқадағы. +Аққыз күйшіні алыңыз. Ол байдың қызы болды, бірақ, керемет күйші домбырашы болды, Қыздарбектің шәкірті болды. Соның өзі қудаланып мысалы ол елдің көзінше домбыра тарта алмайды, оны Ақселеу ағамыз зерттеді ғой. Тезек теретін қабына домбырасын салып, қыр асып барып домбырасын тартып, сол жақта көзінің жасын сығып келіп, осындай тарихта мысалдар жетеді.

Сәрсенғали Жүзбаев – Күйші, өнертанушы:

Қазақтың күй өнерінің бір шоғыры мына қазақтың жеріне арналады. Мысалыға, мынау менің жерім дегенді біз қазір айқайлап айтамыз ғой, болмаса қазіргі заманға сай шекарамызды шегендедік. Ол кезде біз күймен шегендеген сияқтымыз. «Сарыөзен» деген күй бар мысалы, Қытай мен қазақтың ортасындағы.

Сәрсенғали Жүзбаев – күйші, өнертанушы:

Мысалыға «Жезкиік» деген күй бар. Ол аңның сұлулығын ғана суреттеген күй деп ойлайсыз ба, жоқ.Ол өзі желмен жарысқан жүйрік аң. Сол желмен жарысқан аңды суреттегенде ар жағында айтқысы келгені қазақтың жерінің кеңдігі.

Сәрсенғали Жүзбаев – күйші, өнертанушы:

Тәттімбеттің «Сарыжайлау» деген күйі бар. Сары деген сөздің өзі мұңға сағынышқа тартаныны белгілі. Сондықтан, бұл 19 ғасырдағы жағдайды айтады. Отардан ығысқан арқаның елі. Жайлауының тарылғаны.

Сәрсенғали Жүзбаев – күйші, өнертанушы:

Сол Сарыарқа күйін шығарған кезде қазақтың даласының кеңдігін, болмаса жаңағы Үш қиянның іштей қусырылып бара жатқаны мысалы, Бұл тұрғыда мына протест дейміз ғой, қарсылық күйлер деп айтуға болады./

Осы мысалдар домбыраның тарихи құндылығын көрсетеді. Ал, күйлердің әлеуметке әсеріәлі детолық зерттелмей жатыр,-дейді ғалым.

Жанұзақ Әлімгерей – Әлеуметтанушы, Алаш стратегиялық зерттеу орталығының басшысы:

Өкінішке орай енді музыкалық жағынан ғана зерттеледі. Енді біз әлеуметтік жағынан музыка әлеуметі деген ғылым бар. Бұл сала Қазақстанда ақсап тұр. Шындығында домбыраның саяси жағы. Қазір Қазақстанда түрлі оқиға болып жатыр. Осы жерде домбыраның рөлі қандай? Мысалы, митингтерге қаншалықты күйдің әсері болды, ол зерттелу керек.

Шынында кейбір күй адамға ерекше күш береді. Мысалы, Махамбеттің «Жұмыр қылышы». Осындай рухты күйлер мен жалынды жыр-толғауларды жеткізген домбыраныкейбір діни топтардың харам деудегі түпкі мақсаты дазерттелуі керек,-дейді ғалым. Себебі, ол тек діни сенім емес, домбырамен жеткенақпаратты ұмыттыруға бағытталған амал-айла болуы да мүмкін.

Сәрсенғали Жүзбаев – күйші, өнертанушы:

Бүгінгі күнде мына діннің айналасында біраз әңгіме бар. Біздің ұлттық музыкамызға шабуылы. Оған жай қарауға болмайды. Бұл шабуыл кәдімгі қолына қару алып, шекараңа аттандаған шабуылдан әлдеқайда қатерлі.

Дәулеткерей Кәпұлы – Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Исламда домбыраны харам деген сөз жоқ қой жалпы. Оны Қашаған жырау айтады. Атамыз адам пайғамбар, жеті сазбен жерге кеп, күй тартыпты деседі дейді.

Домбыраның тарихи маңызынан бөлек, әсем үнінің адам жанына әсері ерекше. «Домбыра» деген сөзді де «ем» сөзімен байланыстыратындар бар.

Әдемі Мұратова – Ықыласатындағы халық музыкалық аспаптар музейінің экскурсоводы:

Домбыра қазақ тілінде «дом», «бұра» деген сөзден шыққан. Дом ем-дом деген мағынаны береді Ал, бұра деген соны қалыпқа келтір, құлағын бұра, дыбыс шығар деген мағынада шыққан.

Қиналғанда жанына ештеңеден таппаған дауаны домбырадан таптым дегендердің бірі – Бақыт болды.

Бахыт Ихатова – «Перне» домбыра орталығының студенті:

Өмірімнің белгілі бір кезеңінде өзімнің көңілім құлазып жүрген кезде өзімді жұбату мақсатында домбыра курсына жазылған болатынмын. Қазіргі уақытта домбыра тарту менің бос уақытымда айналысатын сүйікті хоббиыма арналды.

Бақыт баратын күй мектебі 6 жылдан бері жұмыс істейді.Бұл жер музыкамен қатар идеялас, пікірлес достардың ордасына да айналған.

Нұрхан Нығметов – «Перне» домбыра орталығының студенті:

Жылдан жылға үлкейіп келе жатырмыз. Оқушыларымыз да, студенттеріміз де көбейіп келе жатыр. Оның ішінде бала да бар, жас та бар, кәрі де бар. Музыкадан хабары жоқ дәрігер де, бухгалтер де бар. Бірақ, іштерінде бала күнгі армандары бар мен домбыра үйренсем екен деген.

Мұндай арман сізде де бар шығар. Ал, Ұждан Ахмади өзі домбырашы болмаса да, кіші ұлын күй мектебіне беріпті. Енді мына домбыраны немерлерінесақтап отыр. Оған қызығушылар да көп екен. Бірақ,ешкімге сатпақ емес. Себебі, ол оған аспап емес, тарихи құндылық деп қарайды.

Ұждан Ахмади – Астана қаласының тұрғыны:

Сен күй шертпейсің, ән айта алмайсың бұл домбыраны қайтесің. Бізге бер, біз алайық саған қалаған сомаңды берейік деп. Мен енді оған сату ойым жоқ. Өзім үйімде тұрады. Кейін немерелеріме, балаларыма қалады ғой деп ойлаймын. Анооу заман, көшпенді заманнан бергі арғы тарихымыз осы домбыраның үнінен үндесіп шығып тұратындай боп сондай бір сезінем енді. Сондықтан, сол домбыраны ұстап отыратын әдетім бар.

Амангелді Сейтхан


Хабарламаларға жазылу