Қарағанды облысында «AMANAT» партиясының қолдауымен ауыл әкімдерінің форумы өтті. Жиналғандар ауыл халқын толғандыратын өзекті мәселелерді ортаға салды. Шараға қатысқан 130 әкім, мемлекеттік сатып алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер мен еліміздегі саяси реформалардың жүзеге асуын талқылады. Тұрғындармен кері байланысты тиімді ұйымдастыру бағытына да баса назар аударылды. Форум оқыту семинарымен жалғасты. Мемлекеттік қызмет істері саласындағы тренерлер менеджмент процесін жетілдіру, имидж қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар айтты.
Жандос Бақытұлы