ШЫҰ+ форматындағы жиын басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ+ форматындағы жиын басталады

04.07.2024

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің Астана декларациясы қабылданды. Құжатқа ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары қол қойды. Қазір Шанхай ынтымақтастығы + форматындағы жиын басталды. Саммиттің бұл бөлігінде жаһандық мәселелер көтерілмек.

Жаһанның жарты халқы, яғни 3 млрддан астам халық мүше ұйым жалпыға бірдей, өзекті мәселелерді көтеретіні анық. Әуелгісі әлемдегі тұрақтылық пен тыныштық. Елдер арасында татулықты дәріптеп, әлемді бейбіт өмірге жетелеу. Саяси экономикалық байланыстар да басты назарда.

Оңғар Алпысбайұлы, Тілші:

Жаһанның жарты халқы, яғни 3 млрддан астам халық мүше ұйым жалпыға бірдей, өзекті мәселелерді көтеретіні анық. Әуелгісі әлемдегі тұрақтылық пен тыныштық. Елдер арасында татулықты дәріптеп, әлемді бейбіт өмірге жетелеу. Саяси экономикалық байланыстар да басты назарда. Одан соң жаһандық жылыну, экологиялық мәселелер сияқты әлем халқын алаңдатып отырған тақырыптарда күн тәртібіне енгізілген. Сондай-ақ байлар мен кедейлердің арасы алшақтап бара жатқаны, жасанды интелектіні күнделікті өмірге енгізу және пайдалану сияқты сұрақтар талқыланбақ.

Мирослав Енча, БҰҰ Бас Хатшысының Көмекшісі:

Қазір заман талабы өте жылдам өзгеріп жатыр. Бірнеше жыл бұрын қабылданған ережелер ескіріп қалды. Заманға сай біз де әлем де өзгеріп тұруы керек. Сондықтан байлар мен кедейлердің арасы алшақтап бара жатқаны, жасанды интелектіні күнделікті өмірге енгізу және пайдалану сияқты сұрақтарды да көтермекпіз.

Мемлекет басшысының айтуынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымы бүкіл Еуразия құрлығындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кепіл болатындай айрықша мүмкіндіктерге ие. Сондықтан, Әскери саладағы сенім шаралары туралы келісімді әзірлеп, қабылдайтын уақыт келгенін айтты. Бұл ретте «Үш зұлым күшпен» күрес мәселесі әрдайым жіті назарда болуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев киберқауіпсіздікті күшейту Ұйымға мүше елдерге ортақ тағы бір маңызды міндет екеніне назар аударды. Сонымен қатар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердегі ақпараттық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін ұдайы ақпарат алмасуға, үздік тәсілдер мен озық тәжірибелерді қолдануға бағытталған арнайы механизм әзірлеуді ұсынды.


Хабарламаларға жазылу