Павлодардың 3-ші Жылу Электр Орталығында жөндеу жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Өңірге барған Сенат депутаты Ернұр Әйткенов жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты. Ақсу қаласында соңғы жылдары көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар көптеп салынды. Бұдан жылу тапшылығы пайда болуы мүмкін дейді мамандар. Осыдан алты жыл бұрын бюджеттің 11 млрд теңгесіне салынған жаңа қазандық жобада кеткен қателіктерге байланысты іске қосылмай тұр. Сенатор бұл мәселені назарға алатынын жеткізді.
Ернұр Әйткенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Қазір ана псд-сын қайтадан жасап отыр. Ол экспертизадан толығымен өту керек. Содан өткеннен кейін қаражат соған іздестіруіміз керек. Содан кейін осы котельныйды дұрыс аяқтауымыз керек. Іске қосылғаннан кейін осы Ақсу қаласының 40 -50 пайызын жылумен қамтамасыз ету керек.
Ал, Маңғыстауда Түпқараған ауданында салынып жатқан су тұщыту станциясы тамыз айында іске қосылады.
Жоба тәулігіне 5000 шекше метр су өндіруге қауқарлы. Парламент Сенатының депутаттары станцияның құрылыс жұмыстарымен танысып, мердігерге жобаны кешіктірмей аяқтауды тапсырды. Өйткені, су тұщыту станциясы Форт - Шевченко қаласы мен оған жақын маңдағы елді мекендерді үздіксіз сумен қамтуға ықпал етеді.