Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қауіпсіздік кеңесі xатшыларының 12-ші кездесуі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қауіпсіздік кеңесі xатшыларының 12-ші кездесуі өтті

06.04.2017

Бүгінгі таңда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы алдындағы басты міндет – аймақтағы бейбітшілік пен тұрақты дамуды сақтау. Әлемдегі қақтығыстар мен қауіп-қатерлердің шиеленіскен  кезінде ұйымның рөлі арта түсері сөзсіз.

Бұл туралы  Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің xатшысы Владимир Жұмақанов айтты.

Бүгін бас қалада Шанxай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңесі xатшыларының 12-ші кездесуі қорытындыланды. Аталған жиын - маусымда  Астанада өтетін саммит алдындағы әзірлік шарасы.

Отырыста аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, ұйымға мүше мемлекеттердің өзара әріптестігі пысықталды.

 

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу