«Тұмар-2024» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тұмар-2024» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

28.06.2024

«Тұмар-2024» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Біздің қарашаңырақ «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы байқаудың 3 бірдей номинациясын жеңіп алды. Олжалы болды. 

«Тұмар» ұлттық байқауы 8-рет ұйымдасытырып жатыр. Игі дәстүр бойынша үміткерлердің барлығы қызыл кілімде жүріп өтті. Құрмет қошеметке бөленді.

Самал Қабышева, тілші:

Биыл «Тұмар» бәйгесіне 300-ден аса өтінім келіп түскен. Оның 48-і үміткерлер қатарына енді. бірақ, 48 үміткердің тек 12-і ғана осы сахна төрінде марапатталады.

Сол 12 номиницияның үшеуі «Qazaqstan» телерадиокорпорациясына бұйырды. Ұлттық арнаның «Алапат тасқын» арнайы жобасы «Тұмар» жүлдесін жеңіп алды. «Төтенше жағдай кезінде түсірілген үздік репортаж» номинациясы да бізге бұйырды.

«Qazsport» телеарнасы «Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауының арнайы жүлдесін иеленді. Отандық телекеңістіктегі тұңғыш спорттық арнаға жүлдені Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі-Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли табыстады. Қара шаңырақтың аймақтықтағы арналары да үздіктер қатарында. «Qyzyzlorda» телеарнасының «Құдайы қонақ» реалити шоуы «Үздік әлеуметтік жоба» аталымы бойынша «Тұмар» жүлдесін иеленді.

Ал, «Балаларға арналған үздік бағдарлама» аталымы 7-ші арнаға, «Үздік өңірлік телеарна» Оралдың ТДК42 арнасына, Үздік өңірлік ток шоу номинациясын Талдықорғандағы Жетісу арнасына бұйырды. 12 аталымның барлық жеңімпаздарына арнайы мүсіншемен, 1 млн теңге қаржылай сыйлық берілді

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу