Астанада аутизм және даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған инклюзивті футбол лигасының тұсаукесері өтті. Дамуында ерекшелігі бар балғындар үшін, жарыс регламенті әзірленді. 12 бала секцияда жаттығып жүр. Тәжірибелі бапкерлер жаңа әдістемелік бағдарламаға сай шеберлік сағатын өткізіп жатыр. Қазір елордадан басқа, еліміздің 9 қаласында арнаулы командалар құрылуда. Мамандар жобаның арқасында шамамен 160 шақты баланы аяқ доп өнеріне баулып, жаңа дағдыларды үйретіп шығамыз, дейді. Қыркүйек айында басшаһарда республикалық чемпионат өткізу жоспарланып отыр. Бірегей бастамадан ата-аналардың күтері көп. Әлден, спортшы балғындар футболға машықтанып, көңіл көншітер нәтижелерге қол жеткізіп үлгерген.
Дүйсенбек Нұрманов, қала тұрғыны:
Менің балам 5-ші нөмірде. Осы жобаға қатысып жүргеніне 4-5 айдың көлемі болды. Үйдегі өзінің жүріс-тұрысында жақсы, оң өзгерістер бар. Доппен жаттығу кезінде өзі жақсы деңгейде жасайды. Команданың арасында ойнауға талпынады.
Жандос Темірғали