Маңғыстау облысының Құрық ауылында жастардың жаппай төбелесіне тоқтам болмай тұр. Соның салдарынан аядай ғана елдімекеннің берекесі қашқан. Балаларының қауіпсіздігіне алаңдаған ата-ана құзырлы органдардан жағдайды бақылауға алуды талап етеді. Айтуларынша, ауыл жастары жұдырықтасуды қойып, енді қарумен атысуға көшкен.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Құрықтың жастары шағын аудан және автобаза тұрғындары болып екіге бөлініп, тіпті ауыл ішінде шекарасын белгілеп алған. Мысалы шағын аудан мен автобазана мына жол бөліп тұр. Автобазаның жастары жолдан былай өте алмайды. Өтсе таяқ жейді.
Бұл балаларының болашағына алаңдаған аналар. Олардың айтуынша, балалары орталықтағы дүкендерге, ойын-сауық орындарына мүлде бара алмайды.
Анаргүл Бекенова, Құрық ауылының тұрғыны:
Территориядан асса бұл балалар төбелес болады. Автобазаға кірсе, автобазаға кірді деп төбелдес болады. Барлық не орталықта орналасқан. Шаштараз, фасфут жегісі келе ма барлығы. Ал біз балаларымызды таксимен шаштаразға апарамыз. Орталыққа апаратын болсақ, таксимен апарып әкелеміз, жетектеп жүреміз. Мына ынтымақта концерт болса, біздің автобазаның бірде бір баласы келіп концерт қарай алмайды.
Зүлфия Батырбаева, Құрық ауылының тұрғыны:
Мына «Жасыл ел» деген бар ғой каникулда балдар жасап жатқан. Балам екі апта жасады. Енді қалған «Жасыл елге» төбелестің кесірінен жұмысқа шыға алмай отыр. Шықпай қалған күндерге еңбекақысын да ала алмайын деп отыр. Нанға жұмсаймыз, сүтке жұмсаймыз, сол кезде баланы жалғыз өзін жіберуге қорқатын болдық.
Құзырлы органдардың мәліметінше, бес айда жастар үш мәрте топтасып төбелескен. Қаңтар айында 14 жасар бала соққыға жығылады, артынша екі айдан соң тағы таяқ жеп, ақыры комаға түседі. Бала дәрігерлердің арқасында аман қалды. Ал, соңғы оқиға мамырдың 14-і күні болған. Бір топ жас 19 жасар бозбаланы ұрлап алып кетіп, ұрып-соққан. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестірілуде. Алайда, зардап шеккен тұрғынның өзі жауап беруден бас тартқан. Аудан прокурорының сөзінше, көп жағдайда қылмыстық іс қозғалғанымен, ауыл тұрғындары бір-бірінің үстінен шағымданбай, іс сотқа жетпей қалады.
Аманжол Айтуғанов, Қарақия, ауданының прокуроры:
Көп мына қозғалған қылмыстық істер бойынша куәгерлерден, жәбірленушілерден жауап ала келе біздің түсінгеніміз, мына ауылда Құрық ауылында екіге бөліну. Бір-бірінің территорияларына бармау керек. Бір-бірінің аумақтарына барған жағдайда да өздерімен өздері көшеде топтасып жүрмей, айқай-шу шығармай, әзілдеспей, бір -бірімен ойнамай шығып кетіп қалу керек екен. Ал жанағындай әзілдестің ба, ала көзіңмен қарап қалдың ба, талтайып жүрсің ба болды келіп топтасып, айқай-шу шығарады екен.
Қарақия аудандық полиция бөлімі басшысының айтуынша, ауыл ішінде рейдттік шаралар күшейтілген. Енді қызметкерлердің санын арттыру мәселесі қаралып жатыр. Сондай-ақ аудан әкімдігі мен полиция департаментінің қолдауымен, елдімекенге биыл 60-қа жуық бейнекамера қойылмақ.
Аягөз Оралбайқызы